Әзірге 45 пайыз дауыспен елдің қазіргі басшысы Хамид Карзай алда келеді, оның басты қарсыласы, елдің бұрынғы сыртқы істер министрі Абдулла Абдулла 35 пайыз дауыс алды.
ВВС телекомпаниясының пайымдауынша, қалыптасқан көрсеткіш, Карзайдың дауыс берудің бірінші кезеңінде-ақ жеңіске жетуі мүмкін екенін көрсетеді.
Әзірге бірде бір кандидат 50 пайыз 1 дауыс алған жоқ, егер осылай болмаса, онда президенттік сайлаудың екінші кезеңі өткізілуі мүмкін.
Аралық қорытынды бірнеше күннен кейін жария етіледі деп күтілуде, ал нақты қорытынды қыркүйек айының екінші жартысына қарай мәлім болады.