Ауған билігінің мәліметіне қарағанда, аталған сарбаздардың бесеуі елдің оңтүстігінде ажал құшқан. Атап айтқанда, олардың бронды көлігі Қандағардағы жолда жарылғыш құрылғыға тап болды.
Ал келесі оқиға мемлекеттің батысындағы Фарах провинциясында орын алды. Ауғанстан сарбазы халықаралық әскер құрамындағы екі америкалық жауынгерді атып өлтірген.
Бұдан бұрын осы аптада Гильменд провинциясында жол жиегіндегі жарылыстың салдарынан үш британдық әскер қаза тапқан еді.