Апат салдарынан 11 адам қаза тапты. Олардың арасында - ISAF-тың төрт өкілі, АҚШ-тың Ауғанстандағы бітімгерлік контингентінің үш өкілі және ауған әскерінің үш әскери қызметкері бар. Топпен бірге болған аудармашы да бақилық болды.
Оқиға кеше елдің оңтүстігіндегі Кандагар провинциясының Шах-Вали-Кот округінде орын алды.
Тікұшақтың құлау себептері анықталуда.
Атап өтейік, бұл Ауғанстанда ISAF тікұшағының қатысуымен болған бірінші оқиға емес. Тамыз айының басында бір тікұшақ елдің батысында апатты жағдайда қонды. Онда ешкім зардап шекпеген еді.