Ауғанстанда болған екі жарылыстан 12 адам көз жұмды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауғанстанның екі провинциясында болған жарылыс салдарынан 12 адам көз жұмды, деп хабарлайды Би-Би-Си жерлігікті билікке сілтеме жасап.

Шығыстағы Каписа провинциясында автомобиль жол жиегінде жақтан жарылғыш затты басып өтіп, салдарынан 10 адам қаза тапты, тағы 7 адам жарақат алған.

Сондай-ақ Солтүстіктегі Кундуз провинциясында полиция автомобилінің қасында тағы бір бомба жарылып, екі адамның өмірін жалмаған.

Әзірге жарылысты кімнің жасағаны белгісіз, алайда екі аймақта да осыған дейін Талибан содырлары шабуыл жасаған болатын.