Ауғанстанда дайындалған содырлар ҰҚШҰ елдерінде сириялық сценарийдің қайталану қаупін төндіруі мүмкін - Н. Бордюжа
Оның атап өткеніндей, Ауғанстаннан НАТО әскерінің шығарылуы аталмыш елде тұрақсыздықтың өршуіне себеп болмақ. Бұл өз кезегінде ҰҚШҰ елдеріне үлкен қауіп төндіретін болады.
«Ауғанстан жеріндегі содырлардың қызметі бізді қатты алаңдатады. Бұл елде ҰҚШҰ мүше мемлекеттерден адамдар келген адамдар арнайы дайындықтан өткізіледі. Кейін дайындықтан өткен содырлар саяси тұрпаттағы міндеттерді атқару мақсатында қайтадан өз елдеріне жіберіледі. Біз Сириядағы жағдайды бақылап отырмыз. Бұл жағдайдың біздің елдерге үлкен қауіп төндіретінін білеміз және белгілі бір уақыттардан соң осы лагерьлерде даярланған содырлар ҰҚШҰ мемлекеттеріндегі саяси тұрақтылықты бұзу бойынша іс-әрекеттерді жасауға талпынатынын да шектен шығармаймыз», - деді Н.Бордюжа.
«ҰҚШҰ мүше мемлекеттері Ауғанстан жерінен НАТО әскерінің шығарылуы онда жағдайдың ушыға беретініне көптеген алғышарттар бар екендігін айтуда. Тұрақсыздық ұйым елдеріне де әсер етуі ықтимал. Сондықтан біз мұндай жағдайды алдын алуымыз шарт», - деп түйді ойын ҰҚШҰ басшысы.