Нангархар провинциясы полициясының басшысы Хазрат Хуссейн Машрикивал батыс коалициясының авиасоққысын растап, лаңкестерге қарсы шабуыл Назиан ауданында бейсенбі кешке жасалғанын мәлімдеді.
Бұдан басқа Ауғанстанның үкіметтік әскері «Фархат-Герат» тас жолында сегіз талибті өлтіріп, 18 адамды жарақаттады.
Полиция деректеріне сүйенсек, көзі жойылған талибтердің арасында жергілікті командир Зендани деген біреу бар. Шабуыл бейсенбі кешке басталып, жұма таңертеңге дейін жалғасты. Қақтығыс барысында ауған әскерінің екі сарбазы өлтіріліп, төртеуі жарақаттанды. «Талибан» қозғалысы болған оқиға жайлы түсінік бермеді.