Ауғанстанда қалың қар түсуінен 16 адам қазаға ұшырады

АСТАНА. 16 қаңтар. ҚазАқпарат - Ауғанстанның солтүстік-шығысында құтқарушылар шалғайдағы таулы ауылды басып қалған қар көшкініінен ондаған үйді қардан аршуға тырысуда. Имкашим кентінде болған оқиғаның салдарынан қанша адам құрбан болғаны белгісіз, деп хабарлады Би-Би-Си.

Өткен аптада Бадахшан провинциясында қалыңдығы үш метрге дейін қар жауды. Өкімет орындары ауа райының қолайсыз жағдайы салдарынан Тәжікстанмен және Қытаймен шекаралас орналасқан аймақта кемінде 16 адамның қазаға ұшырағанын хабарлады.

Жергілікті билік орындары азық-түлікпен, киіммен және дәрі-дәрмекпен қамтуды, сондай-ақ қар басып қалған жолдарды аршу үшін бульдозерлер бөлуді сұрауда.