Ауғанстанда көлік апатынан 23 адам қаза тапты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауғанстанда автобус пен бензовоз соқтығысып, 23 адам қаза тапты, деп хабарлады РБК.

Көлік апаты Герат қаласы мен Иран шекарасы аралығындағы жолда болған. Апаттан тағы да 4 адам жарақаттанған. Герат провинциясы басшылығы апат себебі туралы мәлімдеме жасаған жоқ.