Ауғанстанда Құрбан айтты мерекелеу кезінде жарылыс болды, 37 адам ажал құшты

АСТАНА. 26 қазан. ҚазАқпарат - Ауғанстанның солтүстігінде, Майман қаласында мешіттің жанында жарылыс болды. Жарылыстың салдарынан 37 адам көз жұмды,

деп хабарлады Утро. ру.

Лаңкестік оқиға мұсылмандардың қасиетті мейрамы - Құрбан айтта, таңғы намаз кезінде болды. Болжам бойынша, жарылғыш затты полиция формасында киінген жанкешті-лаңкес іске қосқан.