Ауғанстанда лаңкес НАТО колоннасына шабуыл жасады

АСТАНА. 27 наурыз. ҚазАқпарат - Кеше Ауғанстанның Урузган аймағында миналанған мотоцикльге мінген жанкешті-лаңкес НАТО-ның әскери колоннасына шабуыл жасаған.

Зардап шеккендер бар. Бұл туралы шетелдік БАҚ-тарға сілтеме жасай отырып, РИА «Новости» хабарлады.

Журналистердің ақпараттарына сүйенсек, оқиға Чора уезінде орын алған. Толық мәліметтер әзірше жарияланбай отыр.