Ауғанстанда лаңкестік әрекеттер туралы хабарларды жариялауға тыйым салынды

АСТАНА. Тамыздың 19-ы. ҚазАқпарат - Ауғанстан үкіметі бұқаралық ақпарат құралдарына лаңкестік әрекеттер туралы, оның ішінде жанкешті содырлардың шабуылдары туралы хабарларды жариялауға тыйым салды, деп хабарлайды британдық ВВС телекомпаниясы.

Эмбаргоның күші   тамыздың  20-сы - президенттік сайлау  өтетін күні  кешке дейін,    сайлау учаскелері  жабылғанша    сақталады.