АСТАНА. 15 қазан. ҚазАқпарат - Ауғанстанда Құрбан айт мейрамында мешітте жарылыс орын алып, Логар өлкесінің губернаторы Арсала Джамал қаза тапты, деп хабарлады Утро.ру.
Агенттік ақпаратына қарағанда, үстел астына жасырылған бомба өңір басшысы жиналған қауым алдында сөз сөйлеуі кезінде іске қосылған. Жарылыс салдарынан кемінде 15 адам жарақат алған, көбінің жағдайы тым ауыр.
Логар өлкесі Кабулдың оңтүстігінде орналасқан. Қала маңы аумағының басым бөлігін тәліптер бақылауында ұстап отыр.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.