Қазіргі таңда пәкістандық рупий Ауғанстанның жеке аудандарында ақша ретінде пайдаланылуда. Ауғанстан валютасы «афганидің» рөлін арттыру мақсатында билік пәкістандық рупийдің жергілікті базарлар мен кәсіпорындарда пайдаланылуына қарсы шаралар қабылдау мүмкіндігін қарастыруда.
Мәселен, Кандагар провинциясындағы полицияның штаб-пәтері кәсіпкерлерге тиісті ережені бұзбауды ескертті.
«Пәкістандық рупийді пайдалануға салынған тыйым Кандагарға көрші провинциялардан келетін барлық бизнесмендерге қатысты. Олар ішкі операцияларда ауған валютасын пайдалануы тиіс» - деді ауғандық провинцияның полиция бастығы Абдул Разик.
Кабулда айырбастау пункттерінің иелері пәкістандық рупийдің өз елінде құны төмен болғандықтан ауған бизнесмендеріне көрші елдің валютасын пайдалану тиімді емес екенін айтады.
Жергілікті нарықта ұлттық валютаны пайдалану көрсеткіші өскен кезде афгани құны шетелдік валютаға қатысты нығайды.