Сайлау учаскелері маңында полицейлер мен әскерилерден жақсақталған қауіпсіздік шебі құрылды. Шетелдік БАҚ-тың жазуынша, ел астанасы Кабулға қарай барлық жолдар жабылды. Бұдан бұрын тәлібтер 5 сәуірге белгіленген президенттік және муниципалдық сайлауларды өткізуге кедергі жасайтындығын мәлімдеген болатын. Ауғанстан көшбасшысы Хамид Карзай мемлекет басшысы лауазымында екі мерзімін өткізді, сондықтан осы ел енді жаңа президентті сайлауы тиіс.
14:06, 04 Сәуір 2014
Ауғанстанда президенттік сайлау қарсаңында қауіпсіздік шаралары күшейтілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауғанстанда ертең өтетін президенттік сайлау қарсаңында ауған және халықаралық 400 мың әскердің қатысуымен арнайы операция басталады.