деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.
Нью-Йоркте БҰҰ штаб-пәтерінде журналистермен болған кездесуде Пан Ги Мун ондай сайлауды ұйымдастыру «өте күрделі» болатынын мойындады. Дегенмен, әлемдік қоғамдастық «қарашаның 7-не белгіленген сайлаудың екінші кезеңінің ашық өтуі, ал оның қорытындысы сенімді болуы үшін» қолдан келгеннің бәрін жасайтын болады, деді БҰҰ Бас хатшысы өз сөзінде.
«Бұған дейінгі жағдай қайталанбауы керек», деді Пан Ги Мун тамыздың 20-дағы президенттік сайлаудың бірінші кезеңінде жол берілген заңбұзушылықтар мен жалған мәліметтер енгізу фактілерін меңзеп.