Сайлау учаскелерінде таңғы сағат 7.00-ден бастап дауыс берілуде. Ел президенттігіне 37 кандидаттың үміткер екенін айта кету керек. Ауғанстан тарихында тұңғыш рет екі әйел азамат кандидат ретінде тіркелген, деп хабарлайды «Маяк» радиостансасы.
Бірінші болып дауыс бергендердің ішінде елдің қазіргі президенті Хамид Карзай болды. Ол сайлаушыларға арнаған сөзінде: «Алланың қалауымен келешекте бейбітшілікте, гүлденген ортада өмір сүретінімізге сенемін. Мен Ауғанстан халқын келіп дауыс беруге шақырамын, сол арқылы біз елімізді жақсарта аламыз, сөйтіп қана елімізді қауіпсіз ете аламыз. Дауыс беріңіздер! Зорлық-зомбылықтарға, қантөгістерге « жол жоқ» дейік!» деп мәлім етті.