АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауғанстандағы президент сайлауында жеңіске жеткен Ашраф Гани Ахмадзай дауыс беру қорытындысына тыңғылықты тексеру жүргізуді ұсынды.
Президенттік сайлаудың екінші қатысушысы Абдулла Абдулла дауыс беру нәтижесін мойындамай, сайлаудағы жаппай бұрмалау жайында жариялауда.
Ашраф Гани өзінің мәлімдемесін тараптарды татуластыру үшін Кабулға келген АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керримен келіссөздердің алдында жасады.
Ганидің пайымынша, бюллетеньдерді қайта тексеру барысында Ауғанстан халқы таңдауының заңдылығы расталатын болады.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.