АСТАНА. 19 тамыз. ҚазАқпарат - Ауғанстан полициясы мен «Талибан» содырлар қозғалысы арасындағы қақтығыс кезінде 11 құқық қорғаушы мен 72 талибан қаза тапты. Бұл туралы Ресейдің «Жаңалықтар» агенттігі жергілікті құқық қорғау органдарына сілтеме жасап хабарлады.
Оқиға елдің батыс бөлігіндегі Фарах өлкесінде бүгін түнде орын алған. Бірнеше сағатқа созылған қақтығыс барысында шамамен 20 полиция, сонымен қатар бірнеше содыр жарақаттанған.
Фарах өлкесі - Ауғанстандағы ең қауіпті жердің бірі. Мұндағы көптеген аудандар «Талибан» радикалды қозғалысының бақылауында.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.