Ауғанстанда тәлібтер 15 полиция қызметкерінің өмірін қиды

АСТАНА. 29 тамыз. ҚазАқпарат - Ауғанстан билігінің хабарлауынша, тәлібтер полиция шолғыншыларына тосқауылдан шабуылдап, 15 полицейді мерт қылды. ВВС-дің жазуынша, оқиға Фарах провинциясында болды.

Елдің негізгі қалаларын, яғни Кабулды, Қандағар, Герат және Мазари-Шарифті байланыстыратын бұл жолда көтерілісшілердің шабуылы жиі орын алады, сондай-ақ адамдарды ұрлау мен тонау секілді әрекеттерге жол берілуде.

Тәлібтер Ауғанстанды 1996 жылдан 2001 жылға дейін қадағалады. Олар Хамид Карзай үкіметін орнынан түсіруге және шетелдік әскерлі елден шығаруға тырысуда.