деп хабарлайды РБК агенттігі.
Содырлар осылайша олардың талаптарын орындаудан және оларға полиция көлігін беруден бас тартқан баланың әкесінен, полиция қызметкерінен кек алған.
Жұма күні жергілікті базардан ұрланған баланың денесі Герешк уезінде табылып отыр.
Ауғанстан Президенті Хамид Карзай тәлібтердің бұл қылмысын үзілді-кесілді айыптап, «мұндай қылмысты бірде бір мәдениет, бірде бір дін ақтамайтынын» мәлім етті. Президент кінәлілерді тезірек тауып, қамауға алу туралы бұйрық берді.