Ауғанстанда тәліптер шабуылынан кем дегенде 18 қауіпсіздік қызметкері қаза тапты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Кундуз провинциясында «Тәлибан» қозғалысымен соғыста Ауғанстан мемлекеттік қауіпсіздігінің 18 қызметкері қаза тапты. Бұл туралы сәрсенбіде 1TV телеарнасы хабарлады.

Тәлібтердің шабуылы салдарынан бақылау-өткізу бекетінде 15 сарбаз бен үш полиция қызметкері мерт болды.

Сондай-ақ, сәрсенбі күні таңертең Тәжікстанмен шекарада провинцияның солтүстігінде Имам Сахиб округінде он сарбазды ұрлап әкеткен.