АСТАНА. KAZINFORM – «Талибан» радикалды қозғалысы құрған Ауғанстан үкіметінің шенеуніктері Қандагар провинциясында радиодан әйелдер дауысын таратуға тыйым салды. Бұл туралы Ауғанстан журналистер орталығы (AFJC) биліктің мәлімдемесіне сүйене отырып хабарлады, деп жазады ТАСС.
– Радиода әйелдер дауысының дыбысталуына қатаң тыйым салынады, сонымен қатар ойын-сауық бағдарламалары кезінде әйелдердің хабарламалар жариялауына тыйым салынады, – делінген хабарда.
Сондай-ақ құжатта барлық радиостанция қызметкерлерінен провинцияда репортаж дайындау үшін жергілікті биліктен арнайы рұқсат алу талап етілетіні атап өтілді.
Бұған дейін ел астанасы Кабулде орналасқан Radio Begum – әйелдер басқаратын және әйелдердің білім алуына бағытталған радиостанция жұмысы тоқтатылғанын жазған едік.
Сондай-ақ, Талибанның ізгілік министрі Халид Ханафидің әйелдерге тек ер адамдармен ғана емес, бір-бірімен де қоғамдық орындарда сөйлесуге тыйым салған.
Жарасқан Нұрыбаев
Нұрыбаев Жарасқан Бекназарұлы
1990 жылдың 12 қаңтарында Өзбекстан Республикасында туған.
"Низами" атындағы Ташкент Мемлекеттік Педагогика Университетінің түлегі.
Газет және телеарналарда тілші әрі тележүргізуші қызметін атқарған.
Бірнеше Халықаралық ақындар мүшәйрасының жүлдегері.
Қазіргі таңда ҚР Президентінің Телерадиокешенінде "Қазақпарат" ХАА шығарушы редакторы