Ауғанстанда терактіден 10 адам қаза болды

None
КАБУЛ. ҚазАқпарат - Ауғанстан шығысында орналасқан мешітте жанкешті жарылғыш затты іске қосты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА «Анадолы» агенттігіне сілтеме жасап.

Хост провинциясындағы теракт салдарынан 10 әскери адам қаза тауып, тағы 15-і жараланған.

Хост губернаторы әкімшілігінің баспасөз хатшысы Талеб Мангалдың айтуынша, жанкешті Ауғанстан армиясының 1-бригадасы қолбасшылығының аумағындағы мешітте өзін жарып жіберген.

Жараланғандардың кейбірінің жағдайы ауыр. Теракт үшін жауапкершілікті ешбір ұйым әзірге өз мойнына алмады.