КАБУЛ. ҚазАқпарат - Ауғанстанның Қандағар провинциясындағы әскери базада жарылыс болды. Ауған полициясының өкілі Ашраф Ватандостың сөзінше, жарылыс салдарынан 5 сарбаз жантәсілім еткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
Полицейдің сөзінше, «Талибан» қозғалысының жауынгерлері Майванд ауданындағы әскери базаның астынан қазылған тоннельге жарылғыш зат қойған. Салдарынан 5 сарбаз қаза тауып, алты жауынгер жарақат алды.
Ал «Талибан» қозғалысы жарылыс құрбандары мен жараланғандар саны 35-ке жеткенін мәлімдеді.
Жанат Қапалбаева
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын аймақтық басылымдардан бастаған.
Төрт тіл біледі, кәсіби аудармашы.
2018 жылдан бері – Kazinform шығарушы редакторы.
ҚР Журналистер одағының мүшесі.