Ұлыбританияның Сыртқы істер министрлігінен хабарлағандай, британдық әйел тағы үш ауғандықпен бірге Кунар провинциясында ұрланған. Кунар провинциясы Пәкістан шекарасына жақын маңда орналасқан.
Кунар полициясының бастығы, тәртіп сақшыларының қылмыскерлердің ізіне түсіп, олармен атысқанын, бірақ адам ұрлаушылардың іздерін жасырып үлгергенін хабарлады.