Ауған билігі таратқан ақпараттарға қарағанда, елдің шығысындағы Пактика өлкесіндегі базарлардың бірінде жанкешті өзін жарып жіберіп, соның салдарынан кемінде 40 адам қаза тапқан, жараланғандардың да қарасы қалың.
Әзірше, бұл шабуылды ешкім мойынына алып отырған жоқ. Куәгерлердің айтуына қарағанда, полиция мен қауіпсіздік күштерінің қызметкерлері күдіктіні аңдып келе жатқан. Ал күдікті базарға кіргеннен кейін жарылғыш құрылғыны іске қосқан.
ВВС-дің ақпаратына қарағанда, Пәкістанмен шектес Пактика өлкесі «Хаккани» әскериленген тобының ұясына айналған жер, онда жиі шабуыл орын алып тұрады.