Ауғанстанда жер сілкінді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР БҒМ Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы Сейсмикалық стансалар желісі Алматыдан оңтүстік батысқа қарай 848 шақырым қашықтықта, Ауғанстан аумағында болған жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жер сілкінісі 30 желтоқсанда Алматы уақытымен 7 сағат  2 минут 29 секундта  тіркелген. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9,7. MPV тербелісі - 4.7.