БҰҰ-ның Ауғанстандағы өкілдігінің алдында болған наразылыққа парламенттегі бірнеше әйел депутаттар да қосылды. Бұл туралы Азаттық хабарлайды.
Бұған дейін Ауғанстанда Парван уәлаятында зина жасады деген айыппен 22 жастағы Наджиба есімді әйелді жұрттың көзінше атқан видео тарап кеткен еді.
Ауғанстанның әйелдер ісі жөніндегі министрлігі бүгінгі наразылықты "үнсіз қарсылық" деп атады.
Ауғанстан билігі оқиғаға Талибан ұйымын айыптады. Талибан болса әйелдің атылуына өзінің қатысы жоқ екенін мәлімдеп, оның шариғат заңы бойынша сотталмағанын айтты.
Президент Хамид Карзай оқиғаны "исламға қайшы және кешірілмейтін қылмыс" деп айыптады.