Дүйсенбі күні басталған су тасқыны провинция орталығы Парун қаласындағы үйлер мен дүкендерді жаппай қиратты. Қала мэрі де хабар-ошарсыз кеткендер қатарында.
Талибанның метеорологиялық басқармасы сәрсенбіге дейін елдің 34 провинциясының 10-ында нөсер жауын мен су тасқыны жалғасатынын ескертті. Ал билік тұрғындарға өзен жағалаулары мен су тасқыны қаупі бар аймақтардан аулақ болуға кеңес берді.
Пәкістанмен шекаралас шығыстағы Нуристан провинциясы жасыл алқаптарымен, жасыл ормандарымен және мөлдір өзендерімен танымал.
Ауғанстанның Қоршаған ортаны қорғау агенттігінің басшысы Мавлави Матиул Хак Халис осы айда елде су тасқыны жиілеп кеткенін айтып, экологиялық мәселелер «гуманитарлық дағдарысқа» ықпал еткенін ескертті.
Көршілес Пәкістан мен Үндістан сияқты Ауғанстан да ауа райының қолайсыз жағдайларына, әсіресе маусымдық жаңбырларға төтеп беруге осал.
Біз бұған дейін Ауғанстан әлемдегі ең ірі гуманитарлық дағдарысты бастан кешіріп жатқанын хабарлаған едік.