Ауғанстандағы президент сайлауына халықтың 58 пайызы қатысты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауғанстандағы президент сайлауына халықтың 58 пайызы немесе 7 млн. адам қатысты.

Бұл аталмыш елдің орталық сайлау комиссиясы таратқан мәліметтер, деп хабарлайды ВВС.

Бюллетеньдерді санау бүгін басталып, 20 сәуірге дейін жалғасады. Алдын ала нәтижелер 24 сәуірде жарияланады.

Қазіргі Ауғанстан президенті Хамид Карзай елді тәлібтер режимінің құлаған кезі 2001 жылдан бері басқарып келеді және оның үшінші мерзімге сайлауға түсуіне құқығы жоқ. Жалпы алғанда сайлауға деген көпшіліктің назары, сонымен бірге, жаңа президентке елді ағымдағы жылдың соңына қарай халықаралық коалицияның әскерін біржола елден шығару қарсаңындағы кезеңде басқару міндеті артылатындығымен түсіндіріледі. Жаңа басшы елдегі дербес қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесін шешетін болады.

Осы сайлауда жеңістен үмітті үш кандидат бар - Расул Залмай, бұрынғы қаржы министрі Ашраф Ғани мен бұрынғы сыртқы істер министрі Абдулла Абдулла. Егер сенбі күнгі дауыс беруден кейін кандидаттардың ешқайсысы 50 пайыздан артық дауыс жинамаса, онда 28 мамырға жоспарланған екінші кезеңі өткізіледі.

.