Тасқын салдарынан Қандағар қаласы мен оның маңайындағы аудандар судың астында қалды.
«Кем дегенде 10 адам із-түзсіз жоғалып кетті. Оның ішінде балалар да бар. Апат аймақтарында 2 мыңға жуық үйге зақым келген. Соның ішінде Қандағар қаласының инфрақұрылымына едәуір соққы тиді», - делінген ұйым таратқан мәлімдемеде.
Қандағар провинциясы губернаторының орынбасары Абдул Хананан Монибтің айтуынша, бұл соңғы жеті жылдың ішіндегі ең жойқын тасқын.
«Жұма күні басталған апат аймақтарындағы 400 отбасына әскерилер көмек көрсетті», - деді ол.