Ауғанстандағы жарылыстан жеті адам көз жұмды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауғанстандағы жарылыс салдарынан жеті адам қаза тауып, екі адам зардап шекті, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі елдің ІІМ сілтеме жасап.

Оқиға Нангархар провинциясының шығысындағы тас жолдың жиегінде болған. Жауапкершілікті әзірге аумақтағы террористік топтардың ешбірі мойындарына алған жоқ. Қосымша мәліметтер әзірге хабарланбай отыр.

Ауғанстандағы жағдай соңғы айларда күрделене түсуде. Елдің ауылдық жерлерін жаулап алған "Талибан" қозғалысы ірі қалаларға шабуыл жасауда. Сондай-ақ, ел аумағында «Ислам мемлекеті» террористік тобы құрылды.