Ауғанстанның батысында жарылыстың салдарынан 10 адам қаза болды

АСТАНА.  Тамыздың  3-і.  ҚазАқпарат -  Ауғанстанның батысында  полиция   күзетіне  жасалған      шабуылдың салдарынан    10 адам    қаза тапты,  тағы 20 адам   түрлі  жарақат алды, олардың  қатарында бейбіт     адамдар   бар,

деп хабарлайды  ҚазАқпарат  РАТА-ТАСС агенттігіне  сілтеме  жасап.

Гератта  бүгін болған бұл қанды  оқиғаға   қашықтықтан басқарылатын бомбаның   жарылысы себеп  болды,  деп  хабарлады   Ауғанстанның Батыс аймағы полициясының   ресми  өкілі   Рауф  Ахмеди.

Жарылыс   ағымдағы  айдың соңына қарай  өтетін  президенттік  сайлауға дайындық тұсында,  сондай-ақ АҚШ  бастаған  коалиция   әскері мен  ауған  армиясының  елдің  оңтүстігіндегі «Талибан»    жасақтарымен    күресі күшейген  кезеңде  болып отыр.