Республика қорғаныс министрлігі өкілінің сөзіне қарағанда, үкіметтік әскер жүргізген лаңкестікке қарсы операция барысында «Талибан» қозғалысының жанкештілер тобы анықталған. Олар қаскүнемдік әрекеттерге дайындалып, 5 сәуір күні өтетін президенттік және муниципалды сайлау кезінде лаңкестік қадамдарға бармақ болған.
Әскери рейд кезінде қару-жарақ пен жарылғыш заттар қоймасы да табылып отыр.
Айта кетерлігі, бүгін түнде Гильменд өлкесінің Гармсир ауданында экстремистердің тосқауылына түсіп алған екі полиция қызметкері қаза тапқан. Осыдан кейін іле-шала алты содыр қолға түсті.