Ауғанстанның Орталық сайлау комиссиясы Хамид Карзайды президент деп жариялады
18:33, 02 Қараша 2009
АСТАНА. Қарашаның 2-сі. ҚазАқпарат - Ауғанстанның Орталық сайлау комиссиясы ағымдағы жылғы қарашаның 7-сіне белгіленген президенттік сайлаудың екінші турының өтпейтіні туралы шешім қабылдады
және қазіргі мемлекет басшысы Хамид Карзайды елдің президенті деп жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК сайтына сілтеме жасап.