Ауғанстанның солтүстігінде 27 бала үсіп өлді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен екі күнде Ауғанстанның солтүстігіндегі Джаузджан провинциясы Дарзаб ауданында қар мен аяз салдарынан 27 бала үсіп өлді. Бұл туралы ауданның басшысы Рахматуллах Хашар мәлім етті, деп хабарлайды Синьхуа.

«Дарзаб ауданында ауылдар мен медициналық орталықтарды байланыстыратын жолдардың қалың қар түсуі салдарынан жабылуына байланысты жазықсыз 27 бала көз жұмды», - деді Хашар.

Елдің кейбір аудандарындағы жауған қардың биіктігі 50 см-ден асқан, ал бұл өз кезегінде ауылдар арасындағы қозғалысқа қиындық туғызып отыр.