Өткен аптада халықаралық гуманитарлық миссияның алты американдық, бір британдық, бір германиялық және екі ауғандық қызметкері қаза тапқанын бұқаралық ақпарат құралдары хабарлаған болатын. Олардың қатарында үш әйел азамат, сондай-ақ Ауғанстанда 30 жылдай жұмыс істеп келген американдық дәрігер бар.
Дәрігерлер Бадахшан провинциясында тәлібтердің шабуылы кезінде өлтірілген. Тәлібтер оларға АҚШ-тың пайдасы үшін тыңшылық жасап жүр және миссионерлік қызметпен айналысып келген деген айыптар таққан.
Дәрігерлер өздерін үкіметтік емес христиандық ұйымбыз деп атайтын және Ауғанстанда 1960 жылдың ортасынан бері жұмыс істеп келе жатқан Халықаралық көмек көрсету миссиясында қызмет еткен.