Бүгін аталған ведомствода өткен баспасөз мәслихатында елімізде Ауғанстан әйелдерінің оқуына квота бөлу мәселесі туралы сұрақ қойылды.
«Еуропа Одағының көмегімен Қазақстанда бірнеше жүз ауғанның қыз-келіншектері оқу оқып жатқан болатын. Енді белгілі жағдайлардан кейін, ол бағдарлама уақытша тоқтап қалды. Қазір сол бағдарламаны қайта бастауға әрекет жасалып жатыр», - деді Айбек Смадияров.
Осы орайда ол қанша қыз-келіншек оқитынын, қанша грант қайда бөлінетінін кейін хабарлайтынын айтты.
Бұдан бұрын хабарланғандай, былтыр Ауғанстанда биліктегі Талибан қозғалысы ауған әйелдерінің бұдан былай университетте оқи алмайтынын мәлімдеді.