Дустум өткен аптада талибтер басып алған Гормач ауданында қауіпсіздік қызметінің жасағына ілесіп келе жатқанда, елдің солтүстік-батысында Фарьяб провинциясында торуылға түсті. Ауғандық премьер Абдулла Абдулла вице-президенттің жеңіл жарақаттанғанын растап, оның денсаулығына еш қауіп жоқтығын айтты.
Түріктің Anadolu агенттігі жасаққа шабуыл кезінде ауғандық 15 әскер қаза тауып, 20-сы жарақаттанғанын хабарлады.