Бұл - Ауғанстан басшысының президент қызметіне кіріскеннен бергі бірінші шетел сапары. ҚХР Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, сапар барысында екі ел басшылары екіжақты қарым-қатынас туралы сөйлеседі. «Жаңа басшы, жаңа үкімет жасақталған Ауғанстанға тыныштық орнауы үшін Қытай үкіметі аянбай көмек көрсетеді», - деді ҚХР СІМ-нің арнайы өкілі Хуа Чуньин.
01:07, 23 Қазан 2014
Ауғанстанның жаңа президенті алғашқы шетел сапарын Қытайдан бастамақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыртуымен Ауғанстан Президенті Ашраф Ғани Ахмадзай 28 қазан мен 31 қазан аралығында Қытайға жұмыс сапарымен барады, деп хабарлады Синьхуа агенттігі ҚХР-дің Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасай отырып.