Негізгі құрал – жеңілдікті микрокредит беру, соның арқасында тұрғындар өз ісін ашып, жұмыс істеп тұрған өндірісін кеңейтіп, кооперативтерге бірігіп, тұрғылықты жері бойынша жаңа жұмыс орындарын құра алады.
Қарыздар жылдық 2,5% мөлшерлеме бойынша беріледі: ауыл шаруашылығы емес бағыттар үшін 5 жылға дейінгі және ауыл шаруашылығы және өнімді қайта өңдеу саласындағы жобалар үшін 7 жылға дейінгі мерзімге. Жеке бастамалар үшін ең жоғары сома 2 500 АЕК немесе 10,8 млн теңге, ауыл шаруашылығы кооперативтері мен қайта өңдеу жобалары үшін 8 000 АЕК немесе 34,6 млн теңгені құрайды.
Оған қосымша кәсіпкерлерге жылдық 2,5% мөлшерлеме бойынша 7 жылға дейінгі мерзімге техника мен жабдықтардың жеңілдікті лизингі қолжетімді. Бұл ауыл шаруашылықтарына артық қаржылық жүктемесіз өндірістік базаны жаңартуға, өнім шығару мен қайта өңдеу көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Осыған дейін елімізде мал шаруашылығына жеңілдетілген несие беретін жаңа бағдарлама іске қосылғаны туралы жаздық.