АСТАНА. KAZINFORM – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ауыл мектептеріне Starlink спутниктік интернетін орнатуға қанша қаржы жұмсалғанын айтып берді.
«Әр мектепке орнатылған жабдық пен абоненттік құрылғы 2,5 мың доллар тұрады. Тариф – айына 145 мың теңге», - деп хабарлады ЦДИАӨМ телекоммуникация комитетінің төрағасы Ержан Мейрамов Үкіметік брифингінде.
Бұған дейін Қазақстанда жыл соңына дейін 2 000-ға жуық мектеп Starlink интернетіне қосылатыны хабарланған болатын.
Одан басқа OneWeb технологиясы елімізде байланыс станциясын орнатып жатыр. Олар 2025 жылдың басында осы қызметтерді коммерциялық негізде ұсына алады.
Айжан Серікжанқызы
Айжан Серікжанқызы Қасым Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультетінің түлегі. Мамандық бойынша РФ Татарстанның Қазан қаласында, Польшаның Вроцлав қаласында тағылымдамадан өткен. 2017 жылдан бері ҚазАқпарат агенттігінде жұмыс істейді.