Ауыл шаруашылығы саласы қызметкерлерінің форумы басталды
15:01, 15 Қараша 2024
АСТАНА. KAZINFORM – Елордадағы Тәуелсіздік сарайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің бірінші форумы басталды.
Шараға мемлекеттік орган өкілдерінен бөлек елдің түкпір-түкпірінен жиналған 2 мыңнан астам ауыл шаруашылығы саласының мамандары қатысып жатыр.