«Ауыл шаруашылығы техникасын мемлекеттік тіркеу ісіне келсек, тракторлар мен комбайндердің, соқа және өзге де техниканың бәрі бөлек ақпараттық жүйеде әзірленген. Қазір Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірге осындай техниканың түрін арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарға шығарсақ деген ойымыз бар», - деді ол.
Вице-министр бұл идея Алматы және Қостанай облыстарында қанатқақты жоба ретінде іске асырыла бастағанын айтады.
«Қазір мұндай жұмыс қаншалықты тиімді болатынын осы екі өңірде бақылап отырмыз. Сәтті болса, жыл аяғына дейін немесе келесі жылы осы тіркеу процесін арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарына біртіндеп берсек деп отырмыз», - деді Бағлан Бекбауов.