Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды

АСТАНА. KAZINFORM – Бағлан Бекбауов Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады. 

Фото: Gov.kz

 — Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Бағлан Әбдәшімұлы Бекбауов ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды, — делінген хабарламада. 

Бағлан Бекбауовтың еңбек жолы

Жекеменшік компания бағдарламашысы (2006),  «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ құрылымында түрлі лауазымдарда жұмыс істеген (2008–2016)
Коммерциялық ұйымның техникалық директоры (2016–2017), ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті төрағасының орынбасары (2017–2020), «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасының орынбасары (2021 жылғы қаңтар–ақпан), Жекеменшік компания бас директоры (2021), Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі (2021-2025).