Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі таратқан мәліметтеріне қарағанда, агросектордың негізгі бағыттары бойынша – егін шаруашылығы мен мал шаруашылығынан бастап, тамақ өнеркәсібі мен сыртқы саудаға дейін оң динамика байқалады.
Еліміздің агроөнеркәсіп кешені тұрақты өсіп, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі ұлғайып, қайта өңдеу дамып, экспорт кеңейіп, инвестициялар мен еңбек өнімділігі өсу үстінде.
-Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемін екі есе арттыру туралы тапсырмасы аясында Үкімет қаржыландыру және мемлекеттік қолдау тетіктерін жетілдіру, өндірістік қуаттарды жаңғырту және заманауи агротехнологияларды енгізу бойынша кешенді шаралар қабылдап жатыр, -делінген хабарламада.
Айта кетейік, Үкімет басшысы осыған дейін ауыл шаруашылығында бірыңғай цифрлық экожүйені әзірлеуді тапсырған болатын.