Ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінде мың тоннадан астам өнім сатылды

АСТАНА. KAZINFORM — Елордада 19 қыркүйекте басталған дәстүрлі ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымы өтіп жатыр. Оған еліміздің өңірлерінен келген шаруалар өз өнімдерін ұсынды. Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі мәлім етті.

Фото: Астана қаласының әкімдігі

Әкімдіктің мәліметінше, маусым басталғалы жәрмеңкелерге Атырау, Қызылорда, Абай, Маңғыстау, Алматы, Шығыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының өкілдері қатысқан.

Фото: Астана қаласының әкімдігі

Осы уақыт ішінде жәрмеңкелерге шамамен 150 мың адам келді. Мың тоннадан астам ауыл шаруашылығы және азық-түлік өнімі, оның ішінде ет, сүт өнімдері және басқа да азық-түлік тауарлары сатылды.

Айта кетейік, осы демалыс күндері елордада Шығыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының шаруалары өз өнімдерін ұсынады.