Оның айтуынша, Ұлттық құрылтай платформасында өзекті мәселелер көтеріліп, шешу жолдары талқыланады. Мәселен, «Азаматтық қоғам» секциясында әлеуметтанушы Гүлмира Ілеуова жергілікті әкімдерді сайлаудың нәтижесі туралы сұрады.
«Жергілікті жердегі сайлау – біз жүргізген маңызды реформалардың бірі. Соңғы сайлау аудан және ауыл тұрғындарының қызығушылық танытқанын көрсетті. Енді ел азаматтары сайлау процесіне қатысуға тырысып отыр. Олар әкімді өздері таңдап, белгілі бір іс-шаралардың орындалуын сол кісіден сұрайтын болады. Біз сайлау нәтижесіне талдау жүргіземіз. Қазір өңірлерде жергілікті әкімдердің сайлауына қызығушылық жоғары», - деді Руслан Желдібай.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Ұлттық құрылтай ел дамуының бағытын айқындайтын бірегей платформаға айналғанын жазған едік.
Сондай-ақ, Қазақстанда өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 58 ел қатысады.
Мәдениет және ақпарат министрі Креативті индустрия өкілдері үшін арнайы салықтық жеңілдіктер енгізілгенін айтты.