Басқосуға Қазақстан Халық кеңесінің мүшесі Мұрат Мұқаев, аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова, еңбек ардагерлері, түрлі сала қызметкерлері және жастар қатысты.
Кездесуде Жолдау жүктеген міндеттер – цифрлық экономика құру, инвестиция тарту, кәсіпкерлікті дамыту, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және өңірлердің экономикалық әлеуетін арттыру мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ «Халықтық құрылыс» бағдарламасы аясында өңірлік инфрақұрылымды дамыту, отандық өнімдер және жергілікті қамту үлесін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Спикерлер өз салалары бойынша атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарларды таныстырды. Делегация мүшелері қатысушылардың сауалдарына жауап беріп, өзара пікір алмасты.
Аудан тұрғындары БАҚ құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы Президент Жолдауынан хабардар болғанын айтып, бағдарламалық құжаттағы бастамаларды қолдайтынын жеткізді.