Ауылдарда 150-ге жуық медициналық алғашқы көмек нысаны салынады
АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Жыл соңына дейін «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде 150-ге жуық жаңа медициналық нысан салынады, 508-нің құрылысы аяқталады.
— Ауылдық елді мекендерді медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарымен қамтамасыз ету үшін 655 нысан, оның ішінде 260 медициналық пункт, 235 фельдшерлік-акушерлік пункт және 160 дәрігерлік амбулатория салу жоспарланып отыр, — делінген ДСМ хабарламасында.
Құрылыс:
— арнаулы мемлекеттік қор қаражаты есебінен;
— жергілікті бюджет қаражатынан;
— «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде қаржыландырылады.
508 аяқталған нысан (өңірлер бойынша):
Абай обл. — 62
Қарағанды — 41
Батыс Қазақстан — 49
Түркістан — 49
Шығыс Қазақстан — 35
Ақмола — 32
Жамбыл — 29
Павлодар — 28
Қызылорда-27
Қостанай — 25
Солтүстік Қазақстан — 46
Алматы — 17
Жетісу-17
Атырау — 15
Ақтөбе — 20
Ұлытау-13
Маңғыстау — 3
Айта кетелік қуықасты безі обырын радиоизотоптық диагностикалайтын бірегей технология іске қосылды.